Назар аударыңыз: Осы Келісім сіз бен Honor Suite бағдарламалық құралын (осы «Бағдарламалық құрал») пайдалануды басқаратын HONOR Device Co., Ltd. (бұдан ары қарай «HONOR» деп аталады) компаниясы арасындағы соңғы пайдаланушы лицензиялық келісімі болып табылады. ОРНАТУ түймесін бассаңыз, осы Келісімнің мазмұнын мұқият оқып шығып, онда қамтылған барлық шарттарды қабылдайтыныңызды білдіреді.

1. Қолдану ауқымы
Осы Келісім Honor Suite бағдарламалық құралына ғана қолданылады. Осы Келісім берген құқықтар басқа бағдарламалық құралдарға қолданылмайды.

2. Зияткерлік меншік құқықтары
Осы Бағдарламалық құралдың барлық зияткерлік меншік құқықтары HONOR компаниясына тиесілі және Қытай Халық Республикасы заңдарымен, халықаралық авторлық құқық келісімдерімен және зияткерлік меншік құқықтарын реттейтін басқа да жарамды заңдармен және келісімдермен қорғалған.

3. Лицензия ауқымы
3.1 Осы Бағдарламалық құрал тегін беріледі. Осы Бағдарламалық құралды коммерциялық емес мақсаттар үшін құрылғылардың шектеусіз санына жүктеуге, орнатуға және пайдалануға болады.
3.2 Осы Бағдарламалық құралды коммерциялық емес мақсаттар үшін құрылғылардың шектеусіз санына көшіруге, жіберуге және таратуға болады. Дегенмен осы Бағдарламалық құралдың барлық көшірмелері, оның ішінде осы Бағдарламалық құралдың жіберілген немесе таратылған барлық көшірмелері толық және осы Бағдарламалық құралмен бірге қамтылған барлық ақпаратты, оның ішінде электрондық құжаттаманы, авторлық құқық хабарламаларын, сауда белгілерін және осы Келісімді қамтитынын растауыңыз қажет.

4. Пайдалану шектеуі
4.1 Осы Бағдарламалық құралды қайта жобаламайсыз, кері трансляцияламайсыз немесе детрансляцияламайсыз. Оған қоса бағдарламалық құрал файлдарында қамтылған ресурстардың ешқайсысын өңдей алмайсыз.
4.2 Осы Бағдарламалық құралды бөлшектемейсіз немесе осы Бағдарламалық құралдың жартылай немесе толығымен басқа бағдарламалық құрал жүйелеріне салмайсыз.
4.3 Осы Бағдарламалық құралда қамтылған ешқандай авторлық құқық мәлімдемелерін немесе жазбаларын жоя алмайсыз.
4.4 Осы Бағдарламалық құралды қандай да бір туынды бағдарламалық құралды немесе қолданбаларды дамыту үшін қолданбайсыз.
4.5 Осы Бағдарламалық құралдағы ешқандай мүмкіндіктерді қандай да бір заңсыз шараларға қатыстыру үшін пайдаланбайсыз.
4.6 HONOR осы Келісімде сізге тікелей берілмеген барлық басқа құқықтарды сақтайды.

5. Жауапкершіліктен бас тарту
5.1 Осы Бағдарламалық құрал «сол күйінде» берілген. HONOR осы Бағдарламалық құрал ұсынған қызметтердің қамтитын кезеңіне немесе дәлдігіне қатысты ешқандай кепілдемелер жасамайды.
5.2 Осы Бағдарламалық құрал ұсынған қызметтер бақыланбайтын жағдайларға, компьютер вирустарына, хакер шабуылдарына, жүйе сәйкессіздігіне және басқа да анықталмаған себептерге байланысты жұмыс істемеуі мүмкін екенін растайсыз. HONOR компаниясы HONOR қатесі болып табылмайтын деректер қателеріне немесе деректердің жоғалуына байланысты пайда болуы мүмкін шығындарға жауапты болмайды.

6. Пайдалану туралы ақпарат
6.1 Осы Бағдарламалық құралдағы мүмкіндіктер телефоныңызға Honor Suite бағдарламалық құралының орнатылуын қажет етеді. Сұралған қызметтерді орындау үшін, осы Бағдарламалық құрал пайдалану кезінде кейбір телефон рұқсаттарына, оның ішінде қоңырау шалуға, мәтіндік хабарлар жіберуге және контактілерге кіруді сұрауы мүмкін.
6.2 Осы Бағдарламалық құрал ресми HONOR операциялық жүйесі іске қосылатын телефондарға орнатуға ғана арналып жасалған. HONOR компаниясы осы Бағдарламалық құралды ресми HONOR операциялық жүйесі іске қосылмаған құрылғыларға орнатқан пайдаланушылар үшін осы Бағдарламалық құрал ұсынған қызметтер сапасына қатысты ешқандай кепілдемелер бермейді. 
6.3 HONOR мезгіл сайын осы Бағдарламалық құралдың жаңартуларын ұсынуы мүмкін. Қызметтердің үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін, осы Бағдарламалық құралдың осы нұсқасы телефоныңызға орнатылған Honor Suite нұсқасымен сәйкес келуі керек.

7. Келісімді тоқтату
Егер сіз осы Келісімнің шарттарымен және талаптарымен келіспесеңіз, HONOR және/немесе оның лицензиаттары осы Келісімді кез келген уақытта тоқтату құқығын сақтайды. Осы Келісім тоқтағаннан кейін, осы Бағдарламалық құралды пайдалануды тез арада тоқтатып, бүкіл бағдарламалық құралды және компьютерге орнатылған немесе көшірілген қатысты деректерді тоқтатуыңыз керек. 

8. Шектеулі кепілдеме
8.1 Осы Келісімде тікелей берілген кепілдемелерден бөлек, HONOR компаниясы тауар сапасы және белгілі бір мақсатқа жарамдылығы кепілдемелерін қамтитын, бірақ онымен шектелмейтін, айқын немесе жасырын басқа кепілдемелер бермейді.
8.2 HONOR үшінші тарап құқықтарын бұзбауына қатысты ешқандай кепілдеме бермейді.

9. Шектеулі міндеттер
9.1 HONOR компаниясы күтпеген жағдайлар орын алған, теріс пайдаланылған, қате қолданылған бағдарламалық құралға немесе осы Бағдарламалық құралды рұқсатсыз өзгертуге жауапкершілік алмайды және кепілдемелер бермейді. 
9.2 HONOR компаниясы осы Бағдарламалық құралды пайдаланудан туындаған қандай да бір кездейсоқ, жанама немесе айыппұлдық зақымдарға, бизнес кірістерін жоғалтуды, бизнесті бұзуды, ақпаратты немесе деректерді жоғалтуды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін зардаптарға жауапкершілік алмайды. HONOR компаниясы мұндай зақымдардың ықтималдығы хабарланса да, жауапкершілік алмайды. 

10. Нұсқа жаңартулары
10.1 HONOR осы Бағдарламалық құрал нұсқасының жаңартуларын болашақта шығаруды шешу құқығын сақтайды.
10.2 Ауыстыру туралы лицензиялық келісім берілмесе, осы Келісім осы Бағдарламалық құралдың жаңартылған нұсқаларына қолданыла береді.
10.3 Егер осы Бағдарламалық құрал жаңартылған нұсқа ретінде белгіленсе, осы Келісіммен келісуіңіз керек.

11. Жазбаша байланыстар
Осы Келісімге қатысты барлық байланыстар жазбаша жасалуы керек.

12. Қосымша ережелер
12.1 Егер сіз Еуропалық Одақта тұратын тұтынушы болсаңыз, осы келісім Германия заңдарымен реттеледі.Осы Келісімге қатысты сіз бен HONOR компаниясы арасындағы дау Германия юрисдикциясымен соттық талқылауға жіберіледі. Егер сіз басқа елде немесе аймақта тұратын тұтынушы болсаңыз, осы келісім Қытай Халық Республикасының заңнамасымен реттеледі. Осы Келісімге қатысты кез келген дау келіссөздер арқылы шешіледі. Келіссөздер арқылы шешілмейтін дау жағдайында дау Шэньчжэнь Лунган округының Халық сотына жіберіліп, соттық талқылауымен шешіледі.
12.2 Ешқандай ауызша келісімдер болған жоқ.
12.3 Осы келісімдегі қандай да бір ереже қандай да бір себеппен толықтай немесе жартылай жарамсыз немесе орындалмайтын болған жағдайда немесе қолданыстағы қандай да бір заңдарды бұзса, бұл ереже бөлінетін болып есептеледі. Алайда басқа ережелердің жарамдылығына және орындалуына әсер етпейді.
12.4 HONOR осы Келісімді мезгіл сайын жаңартуы немесе өзгертуі және өзгертілген нұсқаны заң рұқсат берген құралдар арқылы сізге жіберуі мүмкін. HONOR ұсынған осы Келісімнің өзгертулерін қабылдамасаңыз, осы Бағдарламалық құралды пайдалануды тез арада тоқтатуыңыз керек. HONOR жаңартуын алған соң осы Бағдарламалық құралды пайдалануды жалғастырсаңыз, HONOR ұсынған осы Келісімнің өзгертулерін қабылдағаныңызды көрсетесіз.

13. Келісімнің толықтығы
Осы Келісім және оның қосымшалары осы жердегі тақырыпқа қатысты тараптар арасындағы толық келісімді ұсынады және осы тақырыпқа қатысты кез келген алдыңғы айқын немесе жасырын түсініктерді және/немесе келісімдерді алмастырады. Осы Келісімде осы Бағдарламалық құралға қатысты HONOR компаниясының барлық міндеттері қамтылады.
